Қазіргі уақытта 16 рейс ұшу уақытын кейінге қалдырып отыр. Бұл Эйр Астана авиакомпаниясының 10 рейсі (Шымкент-2, Атырау, Өскемен, Алматы-2 рейсі, Ақтөбе -2 рейсі, Дубай, Новосібір) және екі SCAT рейсі (Алматы, Ақтау).
Сонымен бірге Turkish Airlines Нұр-Сұлтан - Стамбул бағыты бойынша, FlyDubai авиакомпаниялары - Нұр-Сұлтан - Дубай бағытында, Lufthansa авиакомпаниялары - Нұр-Сұлтан - Франкфурт бағыты бойынша, Аэрофлот әуе жолдары - Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағыты бойынша ұшады.
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 86-бабына сәйкес рейс тасымалдаушының кінәсінен кейінге қалдырылған немесе кешіктірілген кезде, тасымалдау маршрутының өзгеруіне байланысты рейс тоқтатылған кезде, тасымалдаушы компанияның жолаушыларға арнайы ұйымдастыруға міндетті қызметтері:
1) жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға ана мен бала үшін бөлме (егер бар болса) беру;
2) рейстің ұшуын екі сағаттан артық күтіп тұрған кезде бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауы немесе электрондық пошта арқылы екі хабарлама;
3) рейстің ұшуын екі сағаттан артық күту кезінде алкогольсіз сусындармен қамтамасыз ету;
4) рейстің ұшуын төрт сағаттан артық күткен кезде және одан әрі ыстық тамақпен қамтамасыз ету:
- әр алты сағат сайын - күндіз;
- әр сегіз сағат сайын - түнде;
5) тасымалдаушы ұсынған қонақүйде тұру, рейстің сегіз сағаттан астам уақытты күту кезінде - күндіз және алты сағаттан артық - түнде;
6) тасымалдаушы ұсынған көлікпен әуежайдан қонақүйге және кері қайту, егер қонақ үй қосымша ақысыз ұсынылса.