Ұлтсүйгіш-патриот ақын Алмас Ахметбекұлы ұлт және дін мәселесіне байланысты ащы шындықты ортаға қойды. Жазба ақынның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
"ҚАЗАҚҚА АЛЛА МЫНАУ ҰЛАНБАЙТАҚ ЖЕРДІ МҰСЫЛМАНДЫҒЫ ҮШІН БЕРДІ. СЕНДЕР ОЙЛАМАҢДАР, ҚАЗАҚ ҚАЗАҚТЫҒЫНАН АЛДЫ ДЕП. ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАМАҒАН ТҮРКІ ТЕКТЕСТЕРДЕ МҰНДАЙ ЖЕР ЖОҚ..."
Осындай сөйлемдермен уағыз сөйлеп тұрған имамға сұрақ бердім. Себебі: "Талиранттығым" таусылды.
Оған дейін жаназада, зират басында: "Кімсің?" десе, ұлтыңды, руыңды айтпа, "МҰСЫЛМАНБЫЗ" деп жауап бер" деген сарында сөйлеген. "ИСЛАМДЫ дәріптеу парызы ғой" деп мән-мағнасын түсінуге пейіл болғанбыз.
Бауырым, дедім: Сіздің уағызыңыздың мазмұнын Мұфтият бекіте ме! Неге қазақ ұғымын жоққа шығарып тұрсың? Неге Ұлтымызды ауызға алма деп тұрсың?
Әрине, өзінше аратор жігіт қой. Қарсы дау айта бастап еді Менің бейнеге жазып тұрғанымды байқап, абдырады. Мен уағызыңызды желіге жүктейін, бұдан да көп адам тыңдасын" дедім. Ол қарсы болды.
Бейне жазбаны қайта қарасам АНТИ ҚАЗАҚТЫҚ уағыз сияқты болғанмен, нәтижесі ауыр АНТИ ИСЛАМДЫҚ салдарға себеп болғандай екен. Ол қадамға бармадым.
Халық Имамды ұйып тыңдайды. Имамның жеке басын силағаннан емес, ұлттың дәстүрлі дініне - ИСЛАМҒА деген құрметтен. Сондықтан да Әкімде жоқ аудитория, Имамда бар. Министрде жоқ аудитория Мұфтиде бар.
ҰЛТ - ЕҢ ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ. ҚАЗАҚ ДЕГЕН СӨЗ ЖАННАН ҚЫМБАТ. Дін уағыздаушы ҰЛТ МӘРТЕБЕСІН бір мысқал кемітсе, ол - ауыр қылмыс жасап тұр деңіз. Ол - тыңдаушының Исламға деген құрметінен пайдаланып, оны ҰЛТЫНАН БЕЗДІРІП ТҰР деп, ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІ ҚҰЛАТУДЫ мақсат тұтып түр деп қабылдаңыз. Аузына қақпақ қойыңыз.
Уағызшыны ақылмен тыңдайық.
Біздің ұғымда "ҚҰДАЙДЫҢ БІР АТЫ ХАЛЫҚ".
Ескерту: Редакция тарапынан жазбаға өзгеріс енгізілмей, қаз-қалпында берілді.