Mazir
03 ноя 10:44korilim:449 Қоғам

Олигархпен алысқан әкім

Жамбыл облысындағы Қордай халқы шу көтерді. Журналист Жасұлан Әбдіхалықтың жазуынша, сол өңірдегі олигархтардың халыққа көрсеткен қысастығы көп. Біз сол журналистің әлеуметтік желідегі жазбасын еш өзгертпестен жариялауды жөн санап отырмыз.

«Тоқаевтың адымын аштырмай, ісін алға бастырмай кез келген бастамасына кесе көлденең тұрып алған олигархтар әділетті қоғам құруға кедергісін жасап келеді. Дәл осындай осырақ олигархсымақтар әр облыс, әр әуданда білгенін істеп жатыр. Бұлардың ақшаға семіріп есіргендері соншалық халық, билік, мемлекет деген ұғымды ұмытқан. Сатып аламын, тартып аламын, басып аламын деген әпербақан амбиция көздерін байлап тастаған. Құдды бұл дүниенің байлығын көрге сүйреп кететіндей айналасына қарауды қойған. Халықтың мұқтаждығы, көз жасы, заң, азаматтық позиция деген әсер етпейді. Ең сорақысы бұлар бизнес империя құрған ауданда жергілікті билік, әкімдік дегендерді пысқырып қарамайды. Бұларға тендр берген, айтқанына көнген, айдауына жүрген әкімдер ғана жақсы. Ал тілін алмасаң сұрағанын бермесең жаусың. Шантаж жасайды, қаралайды, арыз ұйымдастырады, қорқытады. Өздерін құдай сезінгендері соншалық похи көзқарас! 

Сондай дәудің бірі Қордайдың 90 пайыз байлығын жамбасына басып жатқан олигарх Шынтасовтар әулеті! Шынтасовтардың шектен шыққаны соншалық, бір ауданның жерін, базарын, бизнес дүкендерін, жанармай бекеттерін, дәріхана, нанханаларын, ат зауыттарын түгел уысында ұстап отыр. Байдың малын байқұс қызғаныпты болмасын. Бәрін алсын, әгараки заңды жолмен, маңдай еңбекпен, халықтың жағдайын жасап қайырымдылық жолында жүрсе...

Қайдағы, Назарбаевтың аста-төк бөліп алда билей бер заманында Қордайдың кеденін басқарып, ақшаны килограммен өлшеген байшыкештер семіргендері соншалық, кедейлердің азын-аулық жерін тартып алып, бір түйір бидай бермей отыр. 

Бүгін Қордайдың Ноғайбай деген ауылына барып қайттым. Кімнен көмек сұрарын білмей 11 жыл соттасып келе жатқан ауыл тұрғындары. Бас аяғы 400-ге жуық ауыл азаматтарының өздеріне тиесілі жерлерін Шынтасовтар әулеті тартып алған. Қайран қараңғы қазақ, көрінгенге жем болған. Көк қағаздағы жерлерін Әбілязов деген алаяқтың достары БТА банкке кредитке залогқа өткізіп жібергенін білмеген де. БТА банк тарағасын залогтағы жерді Шынтасов 23 млн теңгеге сатып алған. Ешкімнің рұқсатынсыз. Байқұс халық екі жылдан кейін бірақ білген. 

Мейлі, ақшасы жетті, жолын тапты, сатып алды, егінін екті. Айналайын ау, жер егесі халықтың пайын берсей. Көл-көсір жерге егілген егістіктен ұнға айналдырып, нан жауып жейтін дәнін берсей. Жоқ. Пейілі тарылғаны соншалық халықпен соттасып жатыр. Ұшыққан мәселеге араша түсіп, халықтың талабын ескерген аудан әкіміне арыз ұйымдастырып, мазасын алып, қорқытпақ болған. 

Аспаннан аяғың салбырап түссе де халықтан жоғары емессің! Бір қап дәнге зар болып отырған жұрттың несібесін қайтар, заң шеңберінде тиесілі жерлерін бөліп бер! Қазақ деген мемлекетте байыған байшыкештің бірісің. Заңын құрметте, президентін сыйла, әкімімен санас! Содан соң бизнесіңді жасап, байлығыңды адал жолмен еселей бер. 

Ал біздің құзырлы органдар мен құдіретті облыстық әкімият, АП-ның ақ жағалылары  халықтың жерін өзіне қайтарамын деп жанталасып жүрген аудан әкімін олигархқа жығып бермеңдер. Онда, Әділетті Қазақстан құрамын деген әңгімелерің бос сөз болады. Мұсаев мінезді әкім! Мінезін осындай шектен шығып кеткен шығайбайларға көрсетеді. Сол үшін де байларға жақпайды. 

Сондықтан Мәден аға, елдік мүдде, азаматтық позиция біреу ғана! Әділет халық жағында, тура осы ұстанымыңыз өзгермесін!»

Дереккөз: facebook.com


Басып шығару
buy lasuna generic - cheap lasuna pill himcolin cheap

purchase besifloxacin for sale - sildamax order cheap generic sildamax

buy gabapentin online cheap - cost neurontin 600mg order sulfasalazine pills

colospa 135mg generic - order arcoxia for sale buy generic pletal online

purchase voltaren without prescription - how to get diclofenac without a prescription buy generic aspirin

rumalaya medication - rumalaya without prescription endep 50mg uk

order pyridostigmine 60 mg generic - order azathioprine 50mg pill azathioprine 50mg ca

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15