Mazir
14 окт 08:54korilim:434 Қоғам

Хаменова: «Антикордан емес, Алладан қорыққаныңа рахмет!»

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Айыпталушының бірі Ақылбек Рысқалиев жауап алу кезінде бұған дейін берген түсініктемесін жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақылбек Рысқалиев бұған дейін берген түсініктемесін өзгертті.

«Мен есеңгіреп, қатты күйзелісте болдым. Сол кезде Антикор қызметкерлерінің бірі келіп, бұл қаржыны облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға арналған деп жауап беру керек екенін айтты. Егер мен осылай көрсетсем, менің қорғалу құқығы бар куә болып қалатынымды түсіндірді. Бұл үшін жауапкершілікке тартылмайтынымды ескертті. Антикор қызметкерінің нақты кім екенін айта алмаймын, оларды танымаймын», - деді Рысқалиев.

Рысқалиев Өміртай Адамов («Балқыту» ЖШС директоры) екеуі арасындағы келісімнен Бақытгүл Хаменованың хабарсыз екенін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне айтқанын жеткізді.

«Мені Хаменовамен қалай сөйлесу қажет екеніне дайындады. Мен Адамов, ақша туралы айтсам, Хаменова оны түсінбейтінін ескерттім. Ешқандай сезік тудырмайтындай етіп сөйлеп, ыммен сөйлесіп жеткізу қажет екенін айтты. Ең бастысы менің ақша алып келгенімді Хаменова түсінсін деді. Мені қалай дайындады, мен солай жеткіздім» - деді Рысқалиев.

Ол сондай-ақ бұған дейін неге басқаша жауап бергенін де түсіндірді.


«Мен осыған дейін көп ойландым. Осыған дейінгі әрекеттерді көріп қатты шаршадым. Басында бірінші берген жауабымды өзгеріссіз қалдырамын деп тырыстым. Мені сол дайындықтан өткізген Антикор қызметкерлері соңына дейін барсаң өзің үшін бәрі жақсы болады деп сендірді. Олар бәрінен босатыласың деді. Бірақ күні бүгінге дейін олардың тарапынан мені қорғау, қолдау әрекеттері жасалмағандықтан, қалай болғанын айтуға шешім қабылдадым», - деді ол.

Содан кейін Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова Ақылбек Рысқалиевке алғыс айтты.


«Не айтарымды білмей тұрмын. Пайғамбарымыздан «мұсылман қандай болады?» деп сұраған екен. «Мұсылман сараң бола ма?» десе, «иә, сараң болады» деген. «Мұсылман қорқақ бола ма?» деп сұрағанда, «иә, қорқақ болады» деп жауап берген. «Мұсылман өтірік айта ма?» дейді, «жоқ, өтірік айтпайды» дейді. Бүгін мұсылмандық танытқаныңызға, Антикордан емес, Алладан қорыққаныңызға рахмет! Он ай бойы сол тар қапасқа тықсаңыз да, бүгін шындығыңызды айтқаныңызға рахмет айтамын. Ерлік жасағаныңызға ризашылығымды айтамын», - деді Хаменова Рысқалиевке.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15