Mazir
13 июл 09:35korilim:1 405 Қоғам

Алматы дәрігерлері жасаған отадан соң балдаққа сүйенген әйел жүріп кетті

Алматыда №7 қалалық клиникалық ауруханасының ортохирургия бөлімінің меңгерушісі Арнат Байзақов туа бітті дисплазияға шалдыққан әйелге ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ота сәтті өтіп, балдаққа сүйеніп қалған әйел жұмысқа шығып кетті. 33 жастағы Балжан Мақұлбекова туғалы бері жамбас ұршығының туа бітті дисплазиясы дертімен ауырған. «Бала кезімнен бері 3 рет ота жасалды. Сан сүйегінің жоғарғы жағын сындырып, сүйекті қисық бітіріп ұршыққа қондырмақ болды. Бірақ оталар сәтсіз болды. Содан кейін балдаққа сүйеніп қалдым. Көп жүре алмайтынмын. Бір аяғым екіншісінен ұзын болды. Жиі ауыратынмын», - деді Балжан Мақұлбекова. Мүмкіндігі шектеліп қалған әйел №7 аурухана дәрігерлерінен көмек сұрап келген. «Екі ұршықтың басы туа бітті шығып кеткен. Бұрын кішірек кезінде сүйектерін сындырып ұршық басына отырғызуға тырысқан. Жамбас сүйегі дипслазиясы өте қиын ауру. Ол дұрыс емделмесе мүгедектікке әкелетіні рас. Содан Балжанның оң аяғына былтыр ота жасадық. Буынға эндопротез орнаттық. Ота сәтті өткені соншалық, пациент бірден балдағын тастады. Ауырсыну сезімі жойылды. Сол жақ аяғының емі күрделірек болды. Өйткені, ұршықтың басы жоқ, жамбас ұршығы жоқ болды. Қисық сүйекке протез орнату қиын. Ұршық басы жоғары кетіп қалған. Осылайша орнына қойып, протез салдық. Аяғын ұзартып екеуін теңестірдік. Ота 3-4 сағатқа созылды. Қазір аяғының ауырғаны қойды. Науқас өзі жүріп тұрып қозғалып жүр», - деді №7 қалалық клиникалық ауруханасының ортохирургия бөлімінің меңгерушісі Арнат Байзақов. Енді Балжанның аяғындағы протез 20 жылға шыдас береді деген болжам бар. Қазір әйел №1 аурухананың жанында ашылған оңалту орталығында оңалту процедураларынан өтіп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұндай ота Қазақстанның кез-келген ауруханасында жасалмайды. «Ота жасау үшін мықты маман, қажетті құрылғылар керек болады. Кез-келген аурухананың ортохирургия бөлімі бұндай материалдық техникалық базамен мақтана алмайды», - деді Арнат Байзақов. Айта кету керек, операция портал арқылы квотамен жасалды.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15