Жамбыл облысының әкімшілігіне қарасты Кәсіпкерлік басқармасының басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі растады.
Қазір Жамбыл облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері «Кәсіпкерлік және индустрия-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік нысанының басшысы бюджет ақшасын жосықсыз жұмсады деген айыппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Ол ешқандай қызмет көрсетпеген жеке кәсіпкерліктерге ақша аударып және жұмыс жасамайтын адамдарға айлық төлеу арқылы бюджеттің қаражатын жымқырған», - делінген ресми мәлімдемеде.
1-ақпан күні шенді азаматты қамауға алған. Күдіктің рас-өтірігі сот отырысынан кейін белгілі болмақ.
Басып шығару