Mazir
01 авг 13:45korilim:538 Қоғам

Жас сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты екі әскери шенді қызметтен қуылды

Әскерде қайтыс болған жас сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеу шарасы жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

 «2022 жылдың басында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші, қатардағы жауынгер Ә. С. Қалбай қайтыс болды. Бұл ретте, жеке құрамды жеткіліксіз бақылау және 30212 әскери бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан жұмыстағы олқылықтар фактісі бойынша Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде 30212 әскери бөлімінің командирі және осы бөлімнің оқу ротасының командирі лауазымынан шеттетілді», - деген жауапта.

Одан бөлек, сарбаз өліміне байланысты аталған әскери бөлімнің тағы 3 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеу шарасының жалғасып жатқанын хабарлады.

«30212 әскери бөлімінің кадр құрамының сапасын арттыру мақсатында қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсеткен лауазымды тұлғаларға қатысты ұйымдастыру-кадр сипатындағы шараларды іске асыра отырып, 1 ай мерзімде офицерлік және сержанттық құрамды аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылданды. Аттестаттаудан кейін босаған лауазымды орындарға кадр жинау үшін іріктеу жүреді», - дейді ведомстводан. 

Еске сала кетейік, биыл 22 сәуірде Әлібек Қалбай Жамбыл облысында Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаз көз жұмды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерде қаза тапқан сарбаздың отбасына көңіл айтып, істің себебін анықтауды тапсырды. Ал, Қорғаныс министрлігінен Әлібек Қалбайдың отбасына қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды.


 
 

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15