Қазгидромет мамандары 26-28 шілде аралығындағы күн райына болжам жасады. Республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады.
26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Күндізгі уақытта республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасы +25 +35°С-тан +30 +40°с-қа дейін көтеріледі.
Ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндіз +30 +35°С-тан +20 +30°с-қа дейін біртіндеп төмендейді деген болжам бар.
Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38°С-тан +27 +35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығыс облыстарында ауа температурасы +22 +32°С-тан +27 +38°С-қа дейін көтеріледі.
Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық сақталады: +40 +45°С.
Басып шығару