Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
3 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман болады. Күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Петропавлда күндіз найзағай, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, 35 градус ыстық күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Бесқарағай, Үржар аудандарында, Семей қаласында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.
Өскеменде күндіз найзағай, 35 градус қатты ыстық болады.
Семейде найзағай, 35 градус қатты ыстық күтіледі 3 маусымда
Алматы облысында кей жерлерде найзағай соғады.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезіңде екпіні – 15-20 м/с. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз кей жерлерде 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Атырау облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Атырауда 3 маусымда кей уақыта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының кей жерлерде найзағай болады. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қостанай қаласында 3 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 3 маусымда күндіз 40 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл, солтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с.
Ақтау қаласында 3 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 3 маусымда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе қаласында 3 маусымда күндіз найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Басып шығару