Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы қайтыс болған Базарбаев Дархан атты полиция қызметкерін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.
ІІМ Қостанай облысы бойынша полиция департаментінің полиция басқармасы қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен - Базарбаев Дархан Серікұлын мараппатады деп хабарлайды Ақордада жарияланған ресми хабарламада.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қайғылы оқиға 19 қаңтарда болды. Тобылда полиция қызметкері отбасылық жанжал кезінде қайтыс болды. Оны пышақтап тастаған. Жараланған полицей күдіктіні бейтараптандырып, отбасының қауіпсіздігі үшін шаралар қолданды. Жедел жәрдем Дархан Базарбаевтың қайтыс болғанын растады. Марқұмның артында 4 айлық баласы қалды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Басып шығару