Mazir
13 дек 12:06korilim:1 090 Қоғам

Көк байрағы желбіреген!


16 желтоқсан - бұл Қазақстан азаматтары үшін ерекше күн. Бұл ескі тарихтың аяқталуы мен жаңасының басталуын білдіреді.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылдады. 2019 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігінің 28 жылдығын атап өтті.
    Қазақстан - жас тәуелсіз мемлекет. Бірақ осы қысқа мерзім ішінде елде ауқымды институционалды өзгерістер болды. Қазақстан халқы президенттік басқару формасына дауыс берді. Екі палаталы Парламент құрылды, сот жүйесі құрылды, жаңа астана анықталды. Экономика, әлеуметтік қауіпсіздік және қауіпсіздік туралы негізгі ұлттық заңдар қабылданды. Жақында Қарулы Күштер, Республикалық ұлан, Шекара әскерлері және Әскери-теңіз күштері сияқты атқарушы билік органдары құрылды.

Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды қабылдаудан өз еркімен бас тартты және өзін ядролық қарусыз ел деп жариялады.

  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 10.12.2019 жылы        әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің  химия және химиялық технология факультеті, фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының  1 курс студенттерімен   тақырыптық «Тәуелсіздік Күні» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақ еліміздің Әнұраныменен  басталды. 

Әсілбек  Алтынай, Калиева  Ботагөз ағылшын тілінде «Independence» атты сөзжұмбақ жасап, студенттердің білімін арттырды.  Орынбаева Гүлбану Қалқаман Саринның «Тәуелсіздік» өлең жолдарын оқып, студенттердің жүрегін тебіренттірді. Сондай-ақ, Қаржаубаева Нұрсұлу ағылшын тілінде викторина ұйымдастырып, студенттердің білімін тексерді.

Сабағымыздың аяқтай келе, студенттер домбыраның сүйемелдеуімен «Желтоқсан Желі» атты әнін орындады. 

Біздің жас және қарқынды дамып келе жатқан еліміз  Қазақстан өзінің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы өтпелі кезеңді сәтті аяқтап, таяу жылдары жаңа сапалы өсуді қамтамасыз етуге дайын.

Болған соң билік ашынған үнін ұқпаған,

Елдігі үшін  ұл- қызы ұлттың бұқпаған.

Құрсағын мұзға қарытып азап көрсе де,

Өр мінез халқым, ешқашан туын жықпаған.


Өтсе де талай, қалса да артта отты күн.

Жер- Ана толқып, баса алмай жылар өксігін.

Ызғарлы қыста еске алып ұл мен қыздарын

Биікке тіккен Тəуелсіздіктің көк туын!


Намыспен серпіп төбеге төнген түнегін. 

Құрбан боп кетті жастықпен қайрап жігерін.

Ұмытпа ұрпақ,   өшпейтін мəңгі даңқыңды

Бас ію парыз, Қазақ деп соқса жүрегің!


Авторы: Химия және Химиялық технология факультетінің 1 курс студенті

Жуматаев Ельнұр.


Дайындаған: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің

шет тілі кафедрасының оқытушылары Мырзахмет М.Ж және Суттибаев Н.


 


Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15