Инфраструктураны дамыту мақсатында Алматы әкімдігі жеке жер телімдерін нарықтық бағамен сатып алуға мүдделі.
Әкімшіліктегі баспасөз орталығында өткен брифинг барысында жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов «Алматы қаласының ерекше статусы туралы» заңға енген өзгерістер мен толықтыруларды тарқата түсіндіріп берді.
Ардақ Самамбетовтың айтуынша, жер телімдерін мемлекет қажеттілігі үшін алуға толық өкілеттілігі бар және нарықтық бағада сатып алады. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы жер телімдерінің 95 пайызы жеке адамдардың қарамағында.
ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына сәйкес, құзырлы органдар жер телімдерін мемлекет қажеттілігіне беруден бас тартқандардан тәркілеп алуға құқылы.
Самамбетовтың айтуынша, сатып алынуы тиіс жер телімдерінің орынына көлік қозғалысы инфраструктурасы, энергетикалық инфраструктурасы салынуы тиіс. Бүгінде 21 жоба дайын, жүзеге асырылғалы тұр. Олардың ішінде Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесіндегі қиылыс, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысы, Абай даңғылы бойына бірқатар өзгерістер енбек.