Қазақстанда күнбағыс майы жыл басынан бері шамамен 30%-ға және бір жылда 56%-ға қымбаттады. Сарапшылар тазартылмаған күнбағысы майының өндірісі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 пайызға аз екенін айтады.
2020 жылы Қазақстанда 2019 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға артық, яғни 351,3 мың тонна күнбағыс майы өндірілді. 2021 жылдың қазан айында еліміздің дүкендері мен базарларында күнбағыс майының бір литрін 767 теңгеге сатылып жатыр. Бұл бір жыл бұрынғыдан 56,2%-ға қымбат. Бір айда баға 0,3%-ға, жыл басынан бері 29,9%-ға өскен, - деп жазды Energyprom.kz сарапшылары.
Қазақстанның ірі қалаларының ішінде күнбағыс майының бір литрі ең қымбаты – Атырауда тіркелді(836 теңге), ең арзаны – Петропавлда тіркелді (664 теңге).
Күнбағыс майының бағасы қымбаттаған өңірлер:
БҚО-да бірден 71,7 пайызға, Қостанай облысы – 70,9 пайызға, Ақмола облысы – 69,8 пайызға өскен. Ең аз өсім Қарағанды облысы мен елордада тіркелген, 44,3%-ға баға өсімі тіркелген.
Сарапшылардың болжамы бойынша, Қазақстанда алдағы бір жарым айда күнбағыс майының литрі 100 теңгеге арзандауы мүмкін. Бұған Ресей мен Украинадағы күнбағыстың жоғары өнімділігі ықпал ете алады.
Басып шығару