Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақтаудағы дәмханада болған жарылыстың ықтимал себебін атады.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, жарылыстың алдын ала себебі – газ-ауа қоспасының ағыны. Қазірдің өзінде жарылыс орнынан екі газ баллоны шығарылды.
– Үй иесінің айтуынша, үйінділердің астында әрқайсысының сыйымдылығы 50 литрлік тағы екі газ баллоны бар. Толығырақ ақпарат құтқару жұмыстары аяқталған соң беріледі, – деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.
Қазіргі уақытта жарылыс орнында Төтенше жағдайлар департаменті (70 адам мен 11 техника) құтқару жұмыстарын жүргізуде. Полиция департаментінің қызметкерлері (150 адам мен 20 бірлік техника), азаматтық қорғау және энергетика қызметтері жұмылдырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығы.
Басып шығару