Бүгін сағат 12:25-те Нұр-Сұлтанның Төтенше жағдай департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне газ баллоны жарылғаны туралы хабар түскен.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда дәмхана ішінде бір адам және 15 газ баллоны бар екені анықталды. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханадағы бір қыз үйінді астында қалып, оқиға орнында көз жұмған.
Басып шығару