Күн тұтылуын Батыстан басқа, еліміздің барлық аймақтарының тұрғындары байқауы мүмкін. Алматыда күн жергілікті уақыт бойынша таңғы 9-дан кейін таулар арасынан «тістелген» секілді көрініспен шықты.
Айта кетейік, тұтылу көрінісі шамамен 30% Шымкент пен Таразда аймақтарында байқалған.
Күн тұтылуының толық көрінісі Сауд Арабиясы, Үндістан, Шри-Ланка, Сингапур, Малайзия және Индонезия елдерінде байқалады.
Жалпы, сақина тәрізді фазаның диапазоны Сауд Арабиясында Парсы шығанағы жағалауының жанында шамамен 48º шығыс бойлық және солтүстік ендік бойынша 25º координаттарымен басталды. Осы жерден тұтылу көрінісі оңтүстік-шығыста Біріккен Араб Әмірліктері мен Оман аумақтары арқылы, содан кейін Араб теңізінің суымен, одан әрі Үндістанның оңтүстігі мен Шри-Ланканің солтүстік ұшы, содан кейін Суматра, Сингапур және Калимантан арқылы өтті. Ең үлкен тұтылу фазасы Сингапурдың жанында солтүстік ендікпен 1 ° және шығыс бойлықпен 102,3 ° Мәскеу уақытымен 12:00 шамасында болады.
Келесі күн тұтылуы бүкіл Қазақстан бойынша 2020 жылдың 21 маусымында көрінеді. Алматыда фаза шамамен 60% болады, ал басқа қалаларда ол 20% -дан 50% -ға дейін аз болады.
Басып шығару