Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі жүз бала үшін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды.
Шыршаға бірінші-тоғызыншы сынып аралығындағы оқушылары шақырылды, оған жетімдер, мүмкіндігі шектеулі балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары қатысты.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, былай деді:
"- Бүгін сіздердің жеке кейіпкерлеріңіз бар, бәріңіз жаңа жылдық костюмдеріңізді киіп, шыршаға келіп, міндетті түрде орындалатын құпия тілек тіледіңіздер. Ең бастысы - жақсы оқып, білімге ұмтылу, соның арқасында сіздер біздің еліміздің абыройлы азаматы болып, сүйікті қаламыздың дамуына өз үлестеріңізді қоса аласыздар"
Басып шығару