Бүгін Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
Коронавирустық вакцина алмаған адамдарға жұмысқа кіруге тыйым салынады. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 айда COVID-19 ауырған қызметкерлер вакцина салдырмауға құқылы.
Егер қызметкер екпе салдырмаған болса, 7 күн сайын ПТР-тестілеуден өтуі қажет. Регламент 2021 жылы 2 шілдеде күшіне енеді.
Екпе салдырмаған қызметкерге белгіленген айыппұл мөлшері айтылды. Айыппұл көлемі – 87 510 теңге. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.
Қаулы талаптарын бұзғандар 15 тамыздан кейін жауапқа тартыла бастайды.
Басып шығару