Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин Алматыда 296 296 адам коронавирусқа қарсы екпе алғанын мәлімдеді.
Жандарбек Бекшин вакциналау қарқынын артыру керектігін атап өтті. Ол үшін Алматыда барлық жағдайлар жасалған, коронавирусқа қарсы егілетін үш вакцина халықтың сұранысы бойынша қамтамасыз етілген.
«Ауру деңгейі 40-59 жастағы азаматтар арасында 1,1%-ке және 60 жастан жоғары адамдарда 0,9%-ке төмендеген. Алайда 20-дан 40 жасқа дейінгі жастар арасында үлес салмағы 1,7%-ке ұлғайған, бұл жастағылар көп жағдайда басқаларға қарағанда коронавирусқа қарсы екпені алу қажеттігін елеп-ескермейді», – дедіБекшин.
Сурет: todаykz