Көкшетау "Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы" болып жарияланды. Мәдениет және спорт министрлігі хабарлауынша, мұндай шешімді "Рухани қазына - 2021" республикалық фестивалінің ұйымдастыру комитеті қабылдады.
Фестивальдің ашылуында министр Ақтоты Райымқұлова қала тұрғындарын құттықтады.
"Фестиваль тарихында алғаш рет Көкшетауда көшпелі негізде бірқатар іс-шаралар өткізіледі және бүгін біз тамаша мәдени оқиғаның куәсі болып отырмыз. Ұйымдастыру комитетінің шешімімен Көкшетау "Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы "болып белгіленді", - деді министр.
Ақтоты Райымқұлова 10 үздік мәдениет қызметкеріне Министрліктің "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Көрермендер назарына "Көкшетау – сал-серілер мекені"фильмі ұсынылды. Мерекелік концертте Ақмола облысының үздік әртістері өнер көрсетті. Мәдениет министрі Ақмола облысының зиялы қауымымен кездесті.
Басып шығару