«Қазақстанның Еңбек ері», қоғам қайраткері, жазушы Олжас Сүлейменов 85 жасқа толды. Олжас Сүлейменов 1936 ж. 18 мамыр күні Алматыда дүниеге келген. Арғын тайпасы Сүйіндік руының Айдабол атасынан шыққан. Жазушы 1959 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.
1971-1981 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық комитеттің төрағасы болды. 1981-1983 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1983-1991 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды. 1989 ж. ақпанында халқаралық Невада-Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті, 1991 ж. қазан айынан бастап Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды. 1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды. 1994-1995 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі. 1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен Грекия республикасындағы, сондай-ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды.
Сурет: m.sputnik.kz
Басып шығару