ІІМ жүргізушілерге қарапайым, бірақ өте маңызды ережелерді сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектеседі дейді.
Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран) Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс шектеулі.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері жүргізушілерге кеңес беретін видеоролик түсірді.
Мысалы, көлік өз қызметін тоқтатып өшіп қалған болса, моторды қосылған күйде қалдырып көліктің терезесін ашып қою керек. Себебі, бұл әрекет көміртегі тотығы уымен уланудың алдын алады.
Жедел есептерге сәйкес, өткен аптада 166 жазатайым оқиға тіркелген. Нәтижесінде, 34 адам қаза болып, 210 адам жарақат алған.
Апатты жағдайға басты себеп жүргізушілердің ережеге бағынбауы. Қолайсыз ауа-райында жылдамдықты асырып, ескерту белгілерін елемей кетіп жатады. Тіпті, жол анық көрінбеген жағдайдың өзінде қарсы жолаққа шығып кетіп жатады.
Басып шығару