Бақыт Беделхан: Назарбаевтың ұлылығын уақыт айтады
Nartay Aralbayuli You Tube арнасында ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделханның сұхбаты жарияланды.
Сұхбат барысында Қазақстанның байлығын сақтап қалған бандиттер жайы сөз болды. Бақыт Беделханның айтуынша, батыр мен ақын бірігу керек.
"Қазақстанның байлығын Рыжий Алмаз, Баха фестиваль сынды братва, бандиттер сақтап қалды. Солардың кемшілігі қасына ақын, жазушы, журналист ерткен жоқ. Кейін мемлекет жүйесін қалыптастырып күшіне енгенде, қасқыр сияқты қырып тастады. Шетелде жүріп өлді. Егер солардың қасында ақын, жазушы болып, дұрыс бағыт-бағдар бергенде үкімет оларды өлтірермеді?! Өлтіре алмайтын еді. Батыр мен ақынның айырылған кезі - 1990-98 жылдардың арасы", - деді ақын.
Елбасы батыр ма?
"Батыр. Батырлығы, батылдығы, ақындығы мен азаматтығы да бар адам. Тегін адам мұндай қасиетке ие бола алмайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың батырлығын Бақыт айтпайды, уақыт айтады. Кемшілігі - айналасы. Айналасы түгел ор. Қазақтың ұлттық потенциалы мықты, тек бейбітшіліктің бесігі тербеліп тұрса екен деймін", - деді Бақыт Беделхан.