«Коронавирус, кет, кет, кет» әнінің авторы Марат Омаров Шымкентте той жасады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінде айтылды.
«Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін әкімдік пен полиция департаментіне хат жолдады.
Осы жағдай бойынша қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймыз», - деп уәде берді департамент өкілдері.
Қыз ұзату тойы Шымкенттегі «Караван» кафесінде өткізілген. Басқарманың мәліметінше, тойды ұйымдастырушы әнші Марат Омаров. Ал әншінің айтуынша, желіде тараған ақпарат жалған.
«Біріншіден, тойды мен жасаған жоқпын. Тойға екі минутқа кіріп шыққанмын. Соны пайдаланып менің тойым деп жіберген. Бұл іспен менің заңгерлерім айналысып жатыр. Бұл тойдың маған қатысы жоқ. Желіде тараған ақпарат жалған.
Бір жылдан бері Еуразиялық заңгерлік қызметтің мүшесі болғандықтан, менің заңгерлерім жалған ақпарат таратқан адамдарды сотқа берейін деп жатыр», - деді Марат Омаров.
Сондай-ақ, тойдағы кадрлардан Марат Омаров, Сабина Алтынбекова және басқа да кештің қонақтарын байқауға болады.
Басып шығару