Елжан Біртановтың денсаулығы нашарлады. Экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченконың айтуынша, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
Дмитрий Куряченко телефон арқылы сөйлескен кезде сот үйқамақ мерзімін негізсіз ұзартқанын айтты.
"Тергеу әрекеттері істі объективті тергеуге емес, Біртановты айыптауға бағытталған. Керісінше, оның кінәсіздігін растайтын фактілер жетерлік. Негізгі күдік хорватиялық "Эриксон Никола Тесла" компаниясының интеграцияланған Денсаулық сақтау платформасының жеткізушісі жасаған болжамдарға негізделген. Алайда тіпті EGOV сайтында азаматтар анықтаған медициналық мекемелерде тіркеу туралы жақында болған жанжал платформаның жұмыс істеп тұрғанын растайды. Бас прокуратура Біртановты қорғаудың өтінішін қолдап, тергеу туралы "Эриксон Никола Тесланың" қатысуымен қайта сараптама тағайындады", - деді адвокат Дмитрий Куряченко.
Басып шығару