Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара туралы хабарлағаны үшін қазақстандықтарға шамамен 34 миллион теңге төлейді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.
«Биыл 213 адамды марапаттауға бюджеттен 33 900 000 теңге бөлінді. Қаңтар айында аумақтық департаменттер 11 адамға 1 306 740 теңге сыйақы берді», - деді Данияр Биғайдаров.