Түркістан облысына бірінші кезекте COVID-19 инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасының 1300 дозасы жеткізілгені жайында хабарланды. Вакцина бұзылмас үшін арнайы мұздатқыш камералар қажет. Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпарына сүйенсек, қазір өңірде 600 литрлік екі мұздатқыш камера бар көрінеді.
Бұдан бөлек, ақпан айында көлемі 140 л болатын 20 мұздатқыш пен көлемі 600 л болатын тағы екі мұздатқыш әкелінеді.
«Жалпы 950 мың адамға вакцина егіледі. Ең бірінші болып инфекциялық ауруханада жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне екпе салынады. Мұнан соң жедел жәрдем, емханада қызмет ететін мамандарға салынады. Түркістан облысына ақпан айының соңына дейін тағы 180 мың вакцина дозасы жеткізіледі», - деді облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов.
Басып шығару