Қазақстанда 2021 жылдың 1 наурызынан бастап аймақаралық және барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға пойыз билеттері 7% қымбаттайды.
ҚЖ хабарлауынша, 2021 жылдың наурыз айында билеттер құны өседі. Сондай-ақ, департамент Аматы - Маңғыстау, Қызылорда - Семей, Алматы -Өскемен, Нұр-Сұлтан - Семей бағыттары үшін жаңа 50 вагон алынатынын хабарлады.
«Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға байланысты шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы келісімдерге сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау құнын аймақаралық және қала маңы байланыстарындағы барлық әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша 7% индекстеу жоспарланған», деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ (ҚТЖ).
Басып шығару