Әнші Ақбота Керімбекова лауазымды қызметке тағайындалды

Әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қалалық мәдениет бөлімі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Бұл жаңалықпен әншінің құрбысы Индира Елубаева бөлісті. Менің досым Ақбота Шымкент қалалық мәдениет бөлімі бастығының орынбасары болды, - деп жазды ол Instagram-да құрбысын жаңа лауазымымен құттықтап.
Бұған дейін тағы бір әнші, "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Шымкент қалалық мәдениет үйі директорының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған.
