Mazir
28 дек 13:00korilim:750 Қоғам

Сандуғаш Кұрманбаева: Әкенің өкілі жоқ, жылуы бар


Бұл сұқбатымыздағасырлардан көш тартқан бабалардың сара жолына үңіліп, ұмыт қалып жатқанымызды жұрт жадында жаңғыртқымыз келеді.Әрбір амалының астарында адамдықтың сыйпаты көрініс табатын халықымыздың кез-келген дәстүрі жақсылықты дәріптейді.

Бүгінгі қоғамда біреудің баласын бауырына баспақ түгілі, өз баласының алдындағы әкелік міндеттерін орындаудан жалтарып жүргендер көбеюде. Өкіл әке деген кім? Оның туған әкеден айырмашылығы бар ма? Кейіпкеріміз Сандуғаш –  қос бірдей әкенің қызы. Өз әкесі – Ғайнолла, өкіл әкесі – Әбдікәрім. Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған аяулы ана, ардақты жар. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасылық жылулық төңірегінде  қала тұрғыны Сандуғаш Кұрманбаевамен әңгімелескен едік.

–Сандуғаш, өкіл әке дегеніміз кім?

– Әрине бұл ұғым кей адамдарға тансық болуыда мүмкін. Себебі адамдардың мейірімі азайды ма әлде басқафакторлардыңәсері болдыма, қазіргі қоғамда өкіл атану жағдайлары некен-саяқ. Тіпті жетім жанды асырап алу мен өкілдікке алудың ара-жігін ажырата алмайтын деңгейге жеттік. Өкіл атану, баланың ата-анасынан айырылуына немесе отбасының балалы бола алмауына еш қатысы жоқ. Елге танымал азаматқа қаны бөлек, ата-аналы ержеткен ұлдың, бойжеткен қыздың ықыласы ауып, балалық жылы сезімі оянып, ниеттескен екі тараптың бірдей әкелік пен перзенттікті қалауы. Ұлы-қызы сөзінің алдына өкіл қо­сылғаны болмаса, ағайындар куәландырған өкіл әкелік пен балалықтың ақиқаты күмән­сіз. Менде сол өкіл қыз атанып өмірде жолы болған жандардың бірімін. 

– Ендеше осы өкіл қыз атану тағдыр жолыңыз жайлы айтып берсеңіз. 

– Мен, Сыр алаштың анасы атанған қасиетті мекенге келінмін. Алғаш 1998 жылы аяқ басып, өз теңімді осында таптым. Қайын жұрт шалғайда болғандықтан «Айналайын, қарағым!» деп арқамнан қағатын жандарға, жылулыққа мұқтаж болдым. Сол уақытта алғаш қамқор болған жандар өкіл Әкем Ембергенов Әбдікәрім мен өкіл анам Гүлжамал болды. Өз баласындай көрді. Өзім жаспын әрі өзім келінмін. Кішкентай келеңсіздікке ұшырай қалсақ көңілге ерік беретін жас шағымыз. Осындай уақыттарда өз ата-анамдай болып, қиындыққа тап болсам қолтығымнан демеп, қажет жерде бағыт-бағдарын беріп, көп көмектесті. Міне сол сәттерден бері ол кісілермен, бауырларымен етене араласып тұрамын.

– Сіздіңше өз бен өкіл сөзінің айырмашылығы қалай?

– Айырмашылық жоқ! Мен сол үшінде рақмет айтқым келеді. Сіздерге түсінікті болу үшін өз әкем немесе өкіл әкем деп атап отырмын. Алайда олардың айырмашылығын ешқашан көрген яки сезінген жоқпын. Бұл туысқандық қатынастың басты ерекшелігі де осында жатыр. Жауапкершілігі өте зор. Өз баласынан кем көрмей жақсы көретін өкіл әке-шешеңе туғаныңнан да артық перзенттік махаббатынды көрсетуің қажет. Бұл басты жазылмаған заңдылық. 

– Өкіл бауырларыңыз сізді қалай қабылдады?

– Әбдікәрім әкемізден Хайназар, Бекназар, Мұрат, Маржан, Күміскүл, Шолпан, Айгүл, Айнұр аға-іні, әпке-сіңілі болған бауырларым тарайды. Бүгінде әке-шешелеріміз өмірден өткенімен бауырлық қатынасымыз үзілген емес. Мені ешқашан «сен өкіл қызсың ғой» деп қарамағанына сенімдімін. Сол үшінде айтар алғысым көп.

Өзіңіз өкіл ана атануға қалай қарайсыз?

– Әрине сондай бір сәттер болса, қуана келісемін. Себебі өкіл ата-анамның көп жақсылығын көрдім. Біз қазір қаншалықты дайын екенімізді қайдам, бірақ бұндай кеңдіктен алыстап бара жатқан секілдіміз. Осы тұста менде әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді ұмытпасақ екен деген тілек бар.

Сүбелі сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Жалғасбекұлы Шернияз
Басып шығару
buy lasuna paypal - buy lasuna no prescription cheap generic himcolin

benemid order online - tegretol pills brand carbamazepine 400mg

buy mebeverine for sale - pletal tablet generic cilostazol

purchase voltaren generic - buy cheap cambia generic aspirin

rumalaya buy online - purchase shallaki generic buy elavil generic

pyridostigmine 60 mg oral - buy mestinon 60 mg azathioprine 25mg cost

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15