Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Amazon компаниясы жүргізіп отырған ойынға сілтемені бөлісіп жатыр. Бұл туралы StopFake.kz порталы хабарлайды.
Қатысушылар арасында қымбат гаджеттер, ұялы телефондар мен компьютерлік техника ұтысы өткізіледі. Алайда «ойынның» сілтемесі фишингтік сайтқа апаратыны белгілі болды.
Осындай интернет-платформалар арқылы алаяқтар сайтқа кірушілердің жеке деректерін – жеке аккаунттардың логиндері мен құпиясөздерін, төлем карталары мен банктік шоттар туралы ақпаратты ұрлайды, тіпті жәбірленушінің компьютеріне немесе мобильді құрылғысына толық қол жеткізе алады, - делінген портал мәліметінде.
Дереккөзге сенсек, бұл соңғы уақытта Қазақстанда тіркелген алғашқы фишингтік сайт емес. Бүгінде алаяқтар белсенді әрекет етуде, жұртты банктердің, танымал тұлғалардың, ірі брендтердің атынан алдауға тырысады.
Басып шығару