Қостанай облысында ұлтаралық араздықты қоздырған Рудный тұрғыны сотталды. Бұл туралы Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полиция әлеуметтік желіде тараған видеоны тексерді. Рудный тұрғыны украиналық блогермен болған әңгіме барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін, жерін қорлап, қазақ халқының ар-намысына тиетін сөздер айтқан.
Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полицейлер YouTube арнасынан аталмыш видеоны анықтап, шұғыл тексеріс жүргізді.
«Сотталушының кінәсі бейнежазба және арнайы сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сот іс бойынша барлық мән-жайды ескере отырып, Божконы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп жазылған Облыстық сот мәлімдемесінде.
Басып шығару