26 қазан күні ертемен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Микробиология және вирусология институтының ғылыми-өндірістік орталығына жұмыс сапарымен барды. Айта кету керек, Бақытжан Әбдірұлы Алматы қаласына әкім болып тағайындалғалы бері аптаның сенбі, жексенбісіне қарамастан жұмыс жасауда. Әкім баруы керек, қатысуы қажет болған орындарға кез келген кезде уақыт табуда. Бұл жолы да солай көп нөкерсіз, БАҚ өкілдерін де шұбырпай, қарапайым жағдайда ат басын бұрыпты. Бақытжан Әбдірұлын қарсы алған Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры, биология ғылымының докторы Амангелді Саданов институттың ғазіргі таңда атқарып отырған жұмыстарына тоқталып, оған қарасты ғылыми-өндірістік орталықта қандай өнімдер өндіріп отырғанына қысқаша тоқталды.
Академик ағамыздың айтуынша , орталықта ауылшаруашылығы, эклология және медицина салалары бойынша оннан аса өнім өндіріледі екен. Қазіргі таңда ол биопреппараттарды еліміздің әр аймағындағы 200-ге жуық шаруашылықтар мен өндіріс орындары тұтынуда.
Өнімдермен танысқан әкім зауыттың өзін \ғылыми-өндірістік орталығын\ аралап көрді. Ондағы зертханалар мен қондырғылардың жұмыс істеу процесімен жан-жақты танысқан Бақытжан Әбдірұлы өз ізденістері және қарыжыларымен осындай жетісткке жетіп отырған ұжымға ризашылығын білдіріп, олармен естелікке суретке түсті. Содан соң орталықты бұдан ары дамыту үшін қандай қолдау керек екендігін сұрады. Соған орай институт басшысы Амангелді Құрбанұлы өздерінің тығырыққа тіреліп тұрған мәселесін ортаға салды. Ол - институт аумағында тұрған, бірақ аудандық әкімшіліктің жер бөліміне қатысты жер телімі екен. Зауыттың 2-ші өндірістік орталығын салып, мұндағы ауыл шаруашылығына қажетті преппараттар мен медициналық өнімдерді екі бөлек өндіруге жоспар жасағандарымен осы мәселе қолбайлау болып тұр екен. Бақытжан Әбдірұлы сол арада Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахимбетовті шақырып, істің мәнісін анықтауды тапсырды.
Институт басшысының айтуынша, бүгінде ғылыми-орталықтың өнімдеріне алыс-жақын елдерден де қызығушылық танытуда. Егер мемлекеттік қолдау болса, зауыттың өндірістік қуаттылығын арттырып, өнімдерін өзге елдерге экспорттау жоспарлануда.
Нұрболат Абайұлы, журналист.
Басып шығару