Mazir
29 окт 10:51korilim:1 186 Қоғам

Қазақстан: Дәрігерлер әйелдерге бала көтермеуді ұсынды


Қазақстанда ана өлімі көбейіп келеді. Осы жылдың тоғыз айында 136 жүкті әйел қайтыс болды. Себеп - пандемия кезінде уақытылы көмек көрсетілмеу.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, дәрігерлер екінші толқын болған жағдайда бұл қайталануы мүмкін деп қорқады. Сонымен қатар, ерлердің денсаулығына қауіп төнген. Коронавирус ер адамды әке болу мүмкіндігінен біржола айыруы мүмкін.

Қарлығаш Арғымбаева осы шілдеде жүктілік кезінде екі жақты пневмониямен ауырған.  Осы диагноздан кейін әйел үшін нағыз сұмдық басталған. Петропавлдағы ауруханаларда адам көп болды. Болашақ ананы қаланың бірде-бір ауруханасында қабылдамаған.  Сол себепті ананың және баланың денсаулығына қауіп төнген.

Менде жөтел, температура белгілері болды. Жедел жәрдемге шақырдым, олар келді, қарады, емханаларға,  ауруханаларға хабарласты. Бірақ еш жерде орын болмады. Оларды да түсінуге болады, олар бала үшін де, мен үшін де, баланың өмірі үшін де қорықты, - дейді Қарлығаш Арғымбаева.

Бұл оқиға жақсы аяқталды.  Жүкті әйелге қиын болған, бірақ ол ауруханалардың бірінен орын тапты. Бала дені сау дүниеге келді. Бірақ босанған әйелдердің барлығына бірдей жеңіл болмады. Ауруханаға жету үшін кейбіреулер «от пен судан» өтуі керек болды. Нәтиже көңіл көншітпейді дейді Репродуктивті медицина қауымдастығының жетекшісі. Пандемия кезінде ана өлімі төрт есе өсті. Осы жылдың тоғыз айында 136 жүкті әйел қайтыс болды. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш жүзге аз болған.

Өкінішке орай, барлық аймақтарда ана өлімі бірнеше есе өсті. Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есеге, Қызылорда облысында - 9 есеге, Шымкентте - 7 есеге өсті.  Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмейді? Қандай шаралар қабылдануда? Бұл өте маңызды сұрақтар. Әкімдер жауап беруі керек. Президент әкімшілігіне бұл мәселені бақылауға алуды тапсырамын, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дәрігерлер кез келген жағдайда қазақстандық әйелдерге жүктілікті кейінге қалдыруға кеңес береді.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15