Қазақстанда ана өлімі көбейіп келеді. Осы жылдың тоғыз айында 136 жүкті әйел қайтыс болды. Себеп - пандемия кезінде уақытылы көмек көрсетілмеу.
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, дәрігерлер екінші толқын болған жағдайда бұл қайталануы мүмкін деп қорқады. Сонымен қатар, ерлердің денсаулығына қауіп төнген. Коронавирус ер адамды әке болу мүмкіндігінен біржола айыруы мүмкін.
Қарлығаш Арғымбаева осы шілдеде жүктілік кезінде екі жақты пневмониямен ауырған. Осы диагноздан кейін әйел үшін нағыз сұмдық басталған. Петропавлдағы ауруханаларда адам көп болды. Болашақ ананы қаланың бірде-бір ауруханасында қабылдамаған. Сол себепті ананың және баланың денсаулығына қауіп төнген.
Менде жөтел, температура белгілері болды. Жедел жәрдемге шақырдым, олар келді, қарады, емханаларға, ауруханаларға хабарласты. Бірақ еш жерде орын болмады. Оларды да түсінуге болады, олар бала үшін де, мен үшін де, баланың өмірі үшін де қорықты, - дейді Қарлығаш Арғымбаева.
Бұл оқиға жақсы аяқталды. Жүкті әйелге қиын болған, бірақ ол ауруханалардың бірінен орын тапты. Бала дені сау дүниеге келді. Бірақ босанған әйелдердің барлығына бірдей жеңіл болмады. Ауруханаға жету үшін кейбіреулер «от пен судан» өтуі керек болды. Нәтиже көңіл көншітпейді дейді Репродуктивті медицина қауымдастығының жетекшісі. Пандемия кезінде ана өлімі төрт есе өсті. Осы жылдың тоғыз айында 136 жүкті әйел қайтыс болды. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш жүзге аз болған.
Өкінішке орай, барлық аймақтарда ана өлімі бірнеше есе өсті. Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есеге, Қызылорда облысында - 9 есеге, Шымкентте - 7 есеге өсті. Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмейді? Қандай шаралар қабылдануда? Бұл өте маңызды сұрақтар. Әкімдер жауап беруі керек. Президент әкімшілігіне бұл мәселені бақылауға алуды тапсырамын, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дәрігерлер кез келген жағдайда қазақстандық әйелдерге жүктілікті кейінге қалдыруға кеңес береді.