Алматы блок-бекетіндегі жол апатынан қайтыс болған полицей Дастан Әбдіқановтың туыстары кінәлі Азат Азаматовқа берілген жазамен келіспейді.
Экс-полицей Азат Азаматовқа қатысты сот үкімі бүгін Қарасай ауданындық сотында оқылды. Ол сот үкіміне сай 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, ол 66 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Азат Азаматовтың өзі сот залында болған жоқ. Ол отырған изолятор карантинге жабылған. Ал үкімге қатысты марқұм полицей Дастан Әбдіқановтың жары пікір білдіріп, тағайындалған жазамен келіспейтінін айтты.
"Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаса да аз болар еді. Аппеляция жөнінде әлі ойланған жоқпын. Ол ешқайсымыздан кешірім сұрамады. Әке-шешесі де келмеді. Біздің телефон нөміріміз бар. Ешкім кешірім сұрау үшін хабарласқан жоқ. Сот отырысында ата-анасы бізбен амандасқан да жоқ. Әділетсіз жаза", - дейді Әбдіқановтың жары.
Басып шығару