Блок-бекетте қайтыс болған полиция қызметкерінің әйелі Динара Әбдіқанова екі адамның өліміне себеп болған жүргізушінің кешегі күнге дейін тәртіп сақтау қызметінде жұмыс ітегенін айтады.
Күйеуінен айырылған әйел Алматы қаласы Полиция департаменті жариялаған мәліметпен келіспейтінін, BMW жүргізушісі департамент қызметкері екенін айтты.
«Бұл – өтірік. Ол – жұмыс істеп жүрген қызметкер. Ешқашан жұмыстан шықпаған, шықпады», - деп жазды Динара өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Динара Әбдіқанова жол-көлік апатын жасаған азаматты жеке танитынын айтты.
«Кінәлі жүргіуші полиция қатарынан шығарылғаны туралы ақпарат өтірік. Ол менің күйеуіммен түнгі ауысымға шыққан. Мен оларға тамақ дайындап бергенмін. Мен күйеуімнің әріптесін жақсы танимын. Өтінемін, шындықты айтыңыздар! Керемет әкеден, жардан айырған кінәліні жасырмаңыздар! Қаза тапқан адамдардың аруағынан қорқыңыздар», - деді Дастан Әбдіқановтың әйелі Динара.
Басып шығару