Солтүстік Қазақстан облысы полициясы екі аудан орталығындағы алты блок-бекетте кезекшілікте тұр.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімамандары, дәрігерлер және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, ішкі істер органдарының қызметкерлері қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қызметті жүзеге асырады.
Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында блок-бекет 9 қазаннан бастап тұр. Енді қазір аудан орталығына кіріп-шыққандарды 4 блок-бекеттің қызметкерлері бірден бақылайды. Мамлют ауданының орталығы Мамлют қаласында 2 блок-бекет тұр. Ол 12 қазанның сағат 00: 00 уақытынан бастап жұмысқа кірісті.
Сондай-ақ, полиция Есіл ауданының әкімшілік орталығы Явленка ауылында патрульді күшейтті. Полиция қызметкерлері көшедегі қоғамдық тәртіпті қадағалайды, ауыл тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауды ескертеді: маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды.
Басып шығару