Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен қалай ауырғандығы туралы айтты.
"Мен ауырдым және мұны ешкімге тілемеймін. Сондықтан масканы шешпеңіздер. Тіземен немесе шынтақпен сәлемдесіңіздер, өзіңізді сақтау керек. Үнемі жабық жүзбен жүру жағымсыз әрі мүмкін емес. Кейде тіпті қыздарға жарасады. Ертегілерде барлық сұлулар осындай заттарды киетін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанды дамыту жоспарларымен танысқаннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Елбасы Қазақстан халқына тілектері үшін алғыс айтты.
«Сол уақытта мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен тілектер естідім. Әріптестерімнен, әлемнің түкпір-түкпірінен келген президенттердің, министрлердің тілектері жазылған мыңдаған жеделхаттар. Тағы да көп рақмет. Менің ойымша, ол өтеді (пандемия). Қазір вакцина барлық жерде жасалуда - шамамен 180 пунктте. Біздің Қазақстанда өз вакцинамыз бар. Біз Ресеймен келіскенбіз, алғашқы өтініш берушілердің қатарындамыз. Білесіз бе, мұның қаншалықты тексерілгенін күтіп, нақты білгім келеді. Мысалы, АҚШ-та таблетка ойлап тапқанда оларға 10 жылдан кейін рұқсат етіледі. Олар адам ағзасының ұзақ мерзімді реакциясы қандай екенін білгісі келеді. Сондықтан біз бұл вакцинаны күтіп отырмыз. Ауырмаңыздар, барлығыңызға денсаулық тілеймін», - деді Назарбаев.
Басып шығару