Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантиннің жеңілдетілуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Үкімет отырысында ол карантиннің бес аптасында коронавируспен ауыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73 адамнан 36,2-ге дейін төмендегенін айтты. Министрдің айтуынша, өлім-жітім деңгейі де төмендеді.
«11 тамыздағы жағдай бойынша, Түркістан облысын қоспағанда, аймақтардағы репродуктивті көрсеткіштер біршама төмен, бұл карантиннің тиімділігі мен жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шаралардың тиімді екендігінің тағы бір дәлелі.
Денсаулық сақтау жүйесіне негізгі индикаторлар мен жүктемелердің оң динамикасы карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету мүмкіндігін көрсетеді. Бұл қоғамдық орындарда бетперде режимін және гигиенаны қатаң сақтаумен, сонымен қатар барлық ақпараттық арналарда халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізумен жүзеге асырылуы керек», - деді Цой.
Басып шығару