Қазақстан коронавирус инфекциясы таралуының сыни кезеңінен өтті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов.
«Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуының өсуі тоқтады. Жағдай тұрақтанды және барлығы биліктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауында. Еліміз сыни кезеңнен өтті деп толық сеніммен айта аламыз. Тынышталуға әлі ерте. Күресудің келесі маңызды кезеңі - ауруды және өлімді одан әрі төмендету. Карантинге қарамастан, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз», - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде.
Басып шығару