Жас қызды ұрлап, зорлық-зомбылық көрсетті деп күдікке ілінген адам тергеу жүріп жатқан уақытта екі айға қамауға алынады. Осыдан кейін оның ісі сотқа жіберіледі.
«Сәтбаев қалалық соты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын құп көрді. 26 шілдеде құжатқа қол қойылды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Сәтпаевтағы жағдай тұрақты. Бұған дейін қыздың ата-анасы қазақстандықтарға үндеу жасаған.
Басып шығару