Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс негізінде сот шешімі шықты. Сот экс-әкімді 3,5 жылға бас бостандығынан айырды.
«Сотталушы ҚР ҚК 361-бабының 4-тармағының 3-бөліміне сәйкес кінәлі деп табылды. Сот үкімі бойынша сотталушы 3,5 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтер жасау құқығынан айырылсын», - деді №2 соттың қазысы Нұрлан Қайырбеков.
Сондай-ақ сот шешімімен Бақауов 100 сағат қоғамдық жұмыспен айналысуға міндеттелді.
Басып шығару