Ахметбек Нұрсила: Әблязов, біз сені кешіреміз! (видео)
Соңғы онкүндікте партия құрамын деп басы дауға қалған, түрлі қойылымдар жасап желіде ең көп талқыланған тақырыпқа айналған кісі – Ахметбек Нұрсила. Ол кеше өзінің арнасында мәлімдеме жасап, Қазақстан соты қылмыскер деп таныған Мұхтар Әблязовқа үндеу жолдады.
«Әблязов Мұхтар бауырым, біздің партияға миллион адам жиналады. Билік қаласа да, қаламаса да тіркейді. Біз сені кешіреміз. Отаныңа кел, туған жеріңе кел. Тек бір ғана шартымыз бар: сен алып кеткен ақшаңды мемлекеттің ауыл шаруашылығына сал», - деді Нұрсила.
Бұл үндеу желі қолданушыларыны көпшілігінің ашуына тисе, тағы бір легі қолдай кетті.