Алматы қаласының Бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова жұмыстан кетіп, оның орнына Жандарбек Бекшин тағайындалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Айзат Молдағасымова 1971 жылы туған. Оның «Дәрігер-гигиенист» және «Заңгер» деген екі бірдей жоғары білімі бар.
1995 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында қызмет етіп келеді. Бірнеше басшылық қызметтерді атқарған.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының дәрігерлері оны сотқа бермек ниет танытқан. Оған себеп – Молдағасымованың дәрігерлер қауіпсіздік сақтамады деген мазмұндағы мәлімдемесі.
Сондай-ақ, дәрігерлер әлеуметтік желі арқылы өздеріне көмек көрсетуін сұрап, мемлекет басшысына үндеу жолдаған-ды. Кейбір дереккөздер Айзат Молдағасымова Төтенше жағдай кезінде көлемді сыйақыны өз атына жазды деген ақпаратты алға тартуда. Бұған себеп – шендінің Медицина қызметкерлеріне қаржылай көмек көрсету комиссиясына мүшелігі. Осы ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тексеріс жүргізуіне түрткі болған.
Басып шығару