Алматыда белгілі журналист, қоғам белсендісі Арман Шораевты полиция қамауға алды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, азамат тарапына «Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату» деген айып тағлып отыр. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оны «әлеуметтік желіде жалған куәлік берді» деп те айыптауда.
Арман Шораев – Ұлттық кеңестің экс-мүшесі. «Хабар» Агенттігінің орталық бюро директоры, КТК телеарнасының бас директоры қызметтерін атқарған. Президент әкімшілігінде жұмыс істеген. Ұлттық Qazaq kuresi федерациясының президенті болған.
Басып шығару