Қарағанды облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаға ауыстырылады. Қаулы жобасы қоғамдық талқылау үшін жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
«Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы - Атамекен ауылына қайта аталсын», - деп жазылған құжатта.
Бұдан бөлек, Осакаров ауданының бірнеше ауылдық округтері мен ауылдарының атауы өзгереді:
• Звездный ауылдық округі - Жұлдыз ауылдық округіне;
• Тельман ауылдық округі - Нияз ауылдық округіне;
• Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы - Жұлдыз ауылына;
• Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы - Қайыңды ауылына;
• Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы - Қаратомар ауылына;
• Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы - Қаракөл ауылына;
• Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы - Жаңатоған ауылына.
Құжат 27 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Басып шығару