ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті кеден қызметкерлерінің заңсыз жолмен ақша тауып жүргені туралы фактілерді тексерді.
«Тексеріс барысында қауіпсіздік қызметкерлері 20-дан астам кеден қызметкерлерін заңсыз жолмен азаматтардан ақша алып келгенін анықтады. Қысқа уақыт ішінде олар осы тәсілмен миллион теңге және бірнеше мың долларды қалтаға басқан», - деп жазылған ҰҚК ресми мәлімдемесінде.