Бүгін ҚР Премьер министрінің төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Жиын барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, НҰр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі М.Айтенов, Қызылорда облысының әкімі Г.Әбдіқалықова елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады.
Ал жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылуы туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр Б.Нұрымбетов, Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбек, Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев баяндады.
Мемлекеттік комиссия коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы «жұмыссыз режимді» тағы бір аптаға, яғни, 13-сәуірге дейін созуға келісті. Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімінің 4-сәуірден бастап сағат кешкі 21:00-ден кейін карантин енгізу туралы ұсынысы да мақұлданды.
Үкімет басшысы қиын жағдайда әкімдердің мұқият болу қажеттілігін, халықты мұқтаж заттармен қамтамасыз ету керектігін, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды қадағалау керектігін жеткізді.
Сонымен қатар, ҚР денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы ұсынысы мақұлданып, құрылыс жұмыстарын бастауға шешім қабылданды.
Басып шығару