Mazir
22 авг 22:23korilim:275 Sayasat / Qazaqstan

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы туралы

Нұр-Сұлтан.  22 тамызда Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда бағдарламаны іске асырудың екі жарым жыл ішіндегі қорытындылары қаралды және алдағы кезеңнің міндеттері талқыланды.

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары үкіметтің кезеңдік іс-шаралар жоспарына сәйкес жалғасуда. Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық және Ақпараттық жұмыс жөніндегі 4 топ жұмыс істейді.
 «Жаңа гуманитарлық білім» жобасы бойынша   Cambridge University Press, Oxford University Press және басқа да ірі халықаралық баспалармен ынтымақтаса отырып, философия, саясаттану, дүниежүзілік тарих, экономика, әдебиет теориясы, халықаралық құқық, ориенталистика, педагогика және басқа да ғылымдар бойынша 48 оқулық қазақ тіліне аударылып, шығарылды. Бұл жұмысқа жоғары оқу орындарының білікті оқытушыларынан, редакторлардан, аудармашылар мен лингвисттерден құралған 300-ден астам маман қатысты. Оқулықтар еліміздің 113 жоғары оқу орынына жеткізілді және оқытушылар мен студенттердің жоғары бағасына ие болуда. Олардың электрондық нұсқалары еркін оқу үшін «Қазақстанның ашық университеті» порталында орналастырылды.
 «Туған жер» жобасы  бойынша 10 мыңнан аса меценаттың қатысуымен  1800 мәдениет, білім, спорт нысаны жаңадан салынып, 1,5 мың нысан қайта қалыпқа келтірілді.
«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша тарихымызда тұңғыш рет Қазақстандық поэзия мен проза антологиясы БҰҰ-ның 6 тіліне аударылып, жарыққа шығарылды, оның халықаралық таныстырылымы қыркүйек айында басталады.
«Қазақстанның киелі географиясы» жобасы бойынша 28 тарихи нысан қайта қалыпқа келтіріліп, ауқымды ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. «Отырар» және «Тамғалы» визит орталықтарының құрылысы аяқталуда. Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы заңнамалар жетілдірілуде. BBC World News, «Euronews» телеарналарымен ынтымақтастықта Қазақстанның киелі нысандары туралы деректі фильмдер циклі түсірілді.
Қазақстандық қоғамдық даму институты және өңірлерде жобалық офистер құрылды.
Мәдениет және спорт министрлігімен мәдениет саласындағы меценаттықты ынталандыру жөніндегі ұсыныстар дайындалды. Білім және ғылым министрлігі волонтерлік қызметі үшін студенттерді материалдық ынталандырудың тетіктерін әзірледі.
4-6 қыркүйекте Қазақстан елордасында Азия қаламгерлерінің бірінші Форумы өтеді, оған қырыққа жуық елдің танымал ақын-жазушылары қатысады.
Тамыз айының соңында «Музейдегі түн» жобасы іске қосылады, онда қазақстандықтар әр айдың төртінші сенбісінде сағат 21-ден 3-ке дейін елді мекендегі музейлердің бірін тегін аралай алады.
Жаңа телевизиялық маусымда республикалық эфирге мәдениеттанушылық сипаттағы радио және телевизиялық бағдарламалар циклі эфирге шығады.  Халықты латын графикасындағы жаңа әліпбиге оқытуға бағытталған бейнероликтер мен бейне лекциялар телеарналар эфирлеріне шығарылады, сондай-ақ интернетке орналастырылады. Классикалық музыканы бағалаушылардың сүйіктісіне айналған «Классик» радиосының тарату аумағын кеңейту жоспарлануда.
2020 жыл Волонтерлер жылы деп жарияланды. Осыған байланысты Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин мемлекеттік органдарға студенттердің қоғамдық пайдалы қызметіне қолдау көрсету шараларын қабылдауды жеделдетуді тапсырды.
Отырыста Президент Әкімшілігі Басшысының Орынбасары Мәлік Мурзалин, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова сөз сөйледі.
Басып шығару
Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
ҚАЗЫНА (QAZYNA) ТЕК ҚАЗАҚША13:24Абыз адам14:50СҰҢҚАРДАЙ ЕДІ СЕРПІНІ19:09Конференцияда тарихшылар– Ұйғыр ауданын Әлмерек Жаншықұлы атына беруді ұсынды11:03Сайлау-лар жақындап қалды ма..?16:27АТЫЛҒАН 15 РЕДАКТОРҒА "ТАҒЗЫМ"17:45"ЛЕНИН БІЗДІҢ БАБАМЫЗ"17:43Шекара шебі мығым ба?22:30Қазақ баспа ісіне 100 жыл жақындап қалды, дайындық қалай?22:25ӘН МЕН ӘДЕБИЕТ немесе «Сарыбидай» әнінің сағынышы туралы сыр мен сымбат16:20Бақытжан Сағынтаев Микробиология және вирусология институты ғылыми-өндірістік орталығына неге барды?18:19Тіл басқармаларын жапқан кім?12:06Сыбайлас жемқорлық сатқындыққа ұласып барады...10:18Кемел күннің – шуағы мол, күнгейі зор болады...13:38БІР ЖАНҒА ЕКІ КҮЙМЕК ӘДІЛЕТ ПЕ?!. Ғарифолла ӘНЕС09:50Латын әліпбиі – бізді әлемдік кеңістікке шығарады21:06Е.АМАНШАЕВ. ҚОРҚЫТ АТА ТУРАЛЫ АҢЫЗ04:34AMANATQA ADALDYQ O’SIET - O’MIRDEN O’TKEN KISININ’ AMANATY. ONY ORYNDAY’ ADAMGERSHILIKTING ORASAN BIIK YLGISI22:11Ғылым мен өндірістің байланысы неге төмен?20:28Оралхан Бөкей және Бақы Урманче20:23Оян!Ойлан! Құлагерге оқ тиді....02:19Жаңа кітаптар20:14Поэзия падишасына арналған шаралар10:43QITAI DEGEN KIM?18:40Парламент Мәжілісінің ант қабылдау рәсімін Нұрлан Әлімжанов үшін арнайы өткізуге мәжбүр болғаны ма?21:48Қазақстан Президенті ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті11:36ELIMIZDIN’ BASSHYSY EKI KUNDIK SAPARMEN QYTAIG’A BARDY10:22Сәулесі бар жігіттер бір ойланар...06:46QYTAI DEGEN KIM?14:58QYTAI DEGEN KIM15:28ELIMIZDIN’ BASSHYSYN QYTAILYQTAR EKI KOZDERI TÖRT BOLYP KUTIP OTYR16:21АҚША ЖӘНЕ АҚЫН-ЖАЗУШЫ18:28Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінң филология және әлем тілдері факультеті23:42АЗИЯ ЕЛДЕРІ ФОРУМЫ ЕКІНШІ ПАНЕЛДІК ТАЛҚЫМЕН ЖАЛҒАСУДА15:01ТҰТАС АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛЫРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ФОРУМЫН ӨТКІЗУГЕ ЖИНАЛҒАН ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАЗАҚ АСТАНАСЫНДА10:55